Арыс қаласының Білім бөлімі ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың қараша айының 10-20 күндері аралығында математика, информатика, физика пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Математика, информатика және физика: өзара байланыс, жаңа білім және шығармашылық" тақырыбы онкүндігі барысында 19.11.2025 ж күні Сабденова Жазира МАД"Б" сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы:"0 және 10 саны"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 0 және 10 сандарды еске сақтап қайталау. 0 және 10 көлеміндегі сандарды қосып, азайтуды үйрету.
Оқушылардан 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 сандарды тура және кері санап,математикалық таңбаларды қайталап шықты.
Жеке тапсырма "Кір қыстырғыш"әдісімен, оқушыларға таратылған карточкадағы суретті санап, дұрыс санға қыстырып жауабын тапты.
Топтық жұмыс. Таратылған мозайка тапсырмаларда, 0 және 10 сан аралықтағы таңбалар мен есеп шығарып, сурет құрастырып шықты.
Бала бақша, ұшақ, мектеп суретін құрастырып шықты және оқушылар тақтада қорғады.
Сергіту сәті: Логикалық жылдам және дұрыс ойлап,санды дұрыс табу, сергіту сәтін жасады.
word wall тапсырмасы бойынша жұптық тапсырма орындады.
Оқушылар "Білім ақшасы" арқылы бағаланып отырды.
Кері байланысты смайлик арқылы орындады.
Сабақ соңында, "Әуе билеті "арқылы балаларды ынталандырылды