14 Наурыз - Көрісу күні
14 наурыз - Көрісу күніне орай мектебімізде ұстаздар арасында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға арналған бұл шарада ұстаздар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді.
Көрісу күні - адамдар арасындағы сыйластықты, бірлік пен татулықты нығайтатын ерекше күн. Осыған орай мектеп ұжымы бір-біріне амандық-саулық тілеп, ізгі ниеттерін жеткізді. Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелер айтылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы атап өтілді.
Осындай игі бастамалар ұжым арасындағы ынтымақты арттырып, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға үлкен үлес қосады.
ДТЖЖО
#Біртұтастәрбие
#Адалазамат
