«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ 10 қараша күні, 8 “В” сыныбында Сатымбекова Гулдариға «15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні» тақырыбында тәрбие сағаты және «Қауіпті селфи» атты қауіпсіздік сабағы өткізді. Мақсаты:
• Қазақстан теңгесінің тарихы мен маңызын оқушыларға жеткізу;
* Елдің экономикалық тәуелсіздігін бағалау сезімін қалыптастыру;
* Ақша мәдениеті мен қаржылық сауаттылық дағдыларын дамыту.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Қазақстан теңгесінің тарихымен, ұлттық валюта рәміздерімен, банкноттардағы тұлғалармен және теңгенің ел экономикасындағы маңызымен танысты.
«Теңге туралы қаншалықты білесің?» атты викторина өткізіліп, оқушылар өз білімдерін сынады.
«Менің апталық бюджетім» атты топтық ойын барысында оқушылар қаржылық сауаттылық бойынша өз жоспарларын ұсынып, тиімді шешімдер қабылдауды үйренді.
Қауіпсіздік сабағында оқушыларға қауіпті селфидің салдары, оны болдырмау жолдары түсіндірілді.
Олар биік ғимараттарда, жолда, теміржолда, электр желілері мен су айдындары маңында селфи жасаудың қауіпті екенін талқылап, топтық жағдаяттарды шешу арқылы қауіпсіздік ережелерін бекітті.
Сабақ соңында оқушылар «Менің қауіпсіздік ережем» бөлімінде өз ойларын жазып, рефлексия жасады.
#Адалазамат
#Біртұтастәрбие