"Арыс жалпы білім беретін" КММ-інде 26.01.2026ж күні 10"Ә"сынып жетекшісі Қолдасова Айгүл тәрбие сағатын өтті.
Тақырыбы: "Адал ұрпақ - жарқын болашақ".
Мақсаты:
оқушыларға адалдық, әділдік, адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Адал ұрпақ дегеніміз кім?
Адал ұрпақ -
шыншыл, әділ;
еңбекті қадірлей білетін;
өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын;
заңды, тәртіпті сақтайтын;
Отанын, халқын сүйетін жас ұрпақ.
Адалдық - адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адал адам өтірік айтпайды, біреудің еңбегін жемеейді, өз жетістігіне тек маңдай терімен жетеді.
Жарқын болашақтың негізі
Жарқын болашақ адалдықтан басталады. Егер бүгінгі ұрпақ:
білімді болса,
еңбекқор болса,
парақорлық пен әділетсіздікке қарсы тұрса,
онда ертең еліміз дамыған, әділетті мемлекетке айналады.
Адалдықтың қоғамдағы маңызы
Адал қоғамда сенім болады
Әділдік орнайды
Экономика дамиды
Елдің беделі артады
Сондықтан әрбір жас «Мен елім үшін не істей аламын?» деген сұраққа адал әрекетімен жауап беруі керек.
Оқушыларға арналған үндеу
Адал болу - оңай жол емес, бірақ ең дұрыс жол. Әрқашан:
шындықты айтуға,
еңбектен қашпауға,
әділ болуға тырысайық.
Адал ұрпақ - елдің тірегі,
Жарқын болашақ - сол ұрпақтың қолында!
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ.
Қаңтар айының 26 күні Кучкарбекова Жанар 9 "А" сыныбымен тәрбие сағатын өтті. Сабақтың тақырыбы: "Адал азамат - жарқын болашақ".
Мақсаты: Оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру;
Адал азамат болудың қоғам мен ел болашағы үшін қажетті екенін ұғындыру;
Оқушыларды шыншылдыққа, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Жеке тұлғаның мінез - құлқындағы адалдықтың рөлін қалыптастыру.
Мұғалім: адалдықтың адам өміріндегі, қоғамдағы орны туралы қысқаша әңгімелейді.
«Адал азамат - елдің тірегі. Адалдық бар жерде сенім бар, сенім бар жерде болашақ бар». Мысалы: «Адал азамат деген кім?»
«Адалдықты қалай түсінесің?» ой қозғау сұрақтарын ортаға тастайды. Оқушылар ой пікірлерін айта отырып, адалдық пен әділдік туралы мақал - мәтелдермен жалғастырады, сонымен қатар ,өмірден немесе тарихтан адал азаматтарға мысал келтіреді. Топтык жұмыста, адалдыққа байланысты жағдаяттар беріліп, оқушыларға шешу жолдарын ұсынады. Мұғалім сабақты қорытындылап, кері байланыс орнатады.