Арыс жалпы білім беретін мектеп КММ-нің 2025-2026 оқу жылының
16 наурыз күні мектебімізде Наурыз мерекесіне орай «Қайырымдылық күні» аясында «Аға ұрпақты қастерлейік» атты акция ұйымдастырылды.
Аталған игі шараға мектептің 10 «Ә» сынып жетекшісі Қолдасова Айгүл, сынып оқушылары және әлеуметтік педагог Шекеров Ерлан ағай белсенді қатысып, жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға көмек көрсетті.
Акцияның басты мақсаты – үлкенге құрмет көрсету, мұқтаж жандарға қолдау білдіру және оқушылардың бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Оқушылар қайырымдылық жасап, үлкендердің батасын алып, жүректеріне жылулық сыйлады. Осындай игі істер жас ұрпақты ізгілікке, қамқорлық пен жанашырлыққа тәрбиелейді.
Жақсылық жасау – әр адамның азаматтық борышы.
#Біртұтас_тәрбие
#Адал_азамат
#Наурыз
#Жақсылықжасау.