#Педагогикалық шеберхана
"АЛТЫН САҚА" ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ
МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Арыс жалпы білім беретін мектебінде қазан айының 10-ы күні мектеп базасында 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі болып өтті.
Байқауға 5-6 сыныптардан 13 оқушы қатысты. Байқау оқушылардың математикалық сауаттылығы мен логикалық тапсырмалармен жұмыс жасай білуге деген құштарлығын байқатты.
Байқау нәтижесінде 4 оқушыға қалалық кезеңге сұраныс берілді.