#педагогикалықшеберхана
«Армандар жолындағы алғашқы белес-студенттік өмір» атты тақырыпта кездесу өтті
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 13 қаңтар күні ДБОБО Ш.Ильясова мен кәсіптік бағдар беруші Ж. Спакешованың ұйымдастыруымен «Армандар жолындағы алғашқы белес- студенттік өмір» атты тақырыпта осы аталған мектептің студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Халықаралық Технологиялар университетінің студенті Құнанбай Нұрислам, Астана қаласы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті Саурбаев Арман және Арыс қаласы №17 колледжінң дәнекерлеуші мамандығының студенті Сансызбай Алтынбек келді. Мектеп директоры Е. Кушкарбеков пен ДОЖЖО М. Асирова өз тілектерін білдірді.
«Бос микрофон» сұрақ-жауап бөлімінде оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Студенттер өз студенттік өмірлерімен, ерекшеліктері, қиындықтары мен жауапкершіліктері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар кездесу барысында «Мамандықты тап» және т.б ойындармен жалғасты. Кеш соңында оқушылар да келген студенттерге алғысын білдірді.