«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2026 жылдың 17 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігіне байланысты театр үйірме жетекшісі Құлжабаева Қарлығаш пен абайтану үйірме жетекшісі Нартаева Алтынайдың ұйымдастырумен 4 сыныптар арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» тақырыбында
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.
Кештің негізгі мақсаты – оқушыларға Абай мұрасын насихаттау, өлеңдері мен қара сөздерінің мәнін түсіндіру, көркем сөз оқу арқылы тіл байлығын дамыту және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру болды.
Оқушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, сахналық қойылымдар қойып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір бала Абай шығармалары арқылы рухани байып, өнерге деген қызығушылығын көрсете білді.
Осындай тағылымды кештер жас ұрпақтың бойына ізгілік пен білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады деп сенеміз.