Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс қалалық білім бөліміне қарасты
“Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
2025 жылдың 02 қазан күні
“Біздің мектеп - буллингке қарсы”
атты тақырыпта оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырылды. Іс - шара мектептің педагог - психологы Қонысбаева Гүлжан апайдың және ұйымдастырушы - тәлімгер Мусаева Гүлчехраның жетекшілігімен өтті.
Мақсаты:
Мектеп оқушылары арасында достық қарым - қатынасты нығайту, сыйластық пен мейірімділікті насихаттау, буллингтің алдын алу арқылы қолайлы психологиялық орта қалыптастыру.
Міндеттері:
 1. Оқушыларға буллингтің түрлері мен оның зиянды салдары туралы түсінік беру.
 2. Достық, өзара қолдау және сыйластық құндылықтарын дәріптеу.
 3. Оқушылардың бір - біріне деген жауапкершілігін арттыру.
 4. Қауіпсіз әрі сенімді мектеп ортасын қалыптастыруға атсалысу.
 5. Әр оқушының өзін еркін, бағалы және құрметті сезінуіне жағдай жасау.
 6. Психолог пен тәлімгердің бірлескен қолдау шаралары арқылы оқушылардың эмоционалдық тұрақтылығын нығайту.