Булинг – Кибербулинг: Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу .
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.11.2025ж. күні Арыс АПБ ҚҚБ КТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.Тәттібеков, АПБ ЖПҚ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция аға лейтенанты А.Мақұлбекова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Исаев, педагог-психолог А.Мақажановалардың ұйымдастыруымен "Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылар арасында өзара сыйластық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту.
Іс-шара барысында:
Булинг пен кибербулингтің түрлері, себептері және олардың жастар психологиясына әсері туралы түсініктер берілді;
Оқушыларға құқықтық және психологиялық көмек алу жолдары түсіндірілді;
Әңгіме, бейнероликтер мен сұрақ-жауап форматында интерактивті талқылау жүргізілді;
Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсету маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында педагог-психолог оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға, өзара қолдау көрсетуге және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұруға шақырды.
#АдалазаматБТБ
#Зорлықзомбылықтыңалдыналу