Арыс ЖББМ-де 2026 жылғы 19 қаңтарында 8 «В» сынып жетекшісі Сатымбекова Гулдариға «Буллингке жол берме» тақырыбында сынып сағаты өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын кеңінен түсіндіру, оның түрлерін ажырата білуге үйрету, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында физикалық, вербалды, әлеуметтік және кибербуллинг туралы мағлұмат беріліп, әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Оқушылар ролик мазмұнын талдап, пікір алмасып, өмірде кездесетін жағдаяттар бойынша топтық жұмыстар орындады. Пікірталас кезінде оқушылар буллингке немқұрайлы қарамаудың маңызын түсініп, әр адамның өз әрекеті үшін жауапты екенін айтты.
Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы аясында «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» тақырыбы қамтылды. Оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, қауіп төнген жағдайда хабарласуға болатын 111, 150, 102, 112 нөмірлерінің маңызын білді.
Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жылы сөз айтып, мейірімділік пен сыйластықтың адам өміріндегі орнын түсінді.
Апта дәйексөзі «Әділет – мемлекеттің негізгі күші» тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, әділдікке қосар жеке үлестері туралы пікірлерін ортаға салды.
Буллингтің алдын алу – қауіпсіз мектеп пен жарқын болашақтың кепілі!