Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 2025-2026 оқу жылында 12-қаңтар күні 6"ә" сынып жетекшісі Байжанова Жазира "Буллингке жол берме" тақырыбында сынып сағатын өтті. 
Мақсаты: Оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, бір - біріне құрметпен қарауға, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Балалар видеоролик көріп, қысқаша ой бөлісіп, топтық жұмыс жасап, сұрақтарға жауап берді.

Арыс ЖББМ-де 2026 жылғы 21 қаңтарында 8 «А» сынып жетекшісі Рахматла Назерке «Буллингке жол берме» тақырыбында сынып сағаты өткізді.
Сынып сағатының мақсаты - оқушыларға буллинг ұғымын кеңінен түсіндіру, оның түрлерін ажырата білуге үйрету, өзара сыйластық пен достық қарым - қатынасты қалыптастыру, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында физикалық, вербалды, әлеуметтік және кибербуллинг туралы мағлұмат беріліп, әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Оқушылар ролик мазмұнын талдап, пікір алмасып, өмірде кездесетін жағдаяттар бойынша топтық жұмыстар орындады. Пікірталас кезінде оқушылар буллингке немқұрайлы қарамаудың маңызын түсініп, әр адамның өз әрекеті үшін жауапты екенін айтты.
Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы аясында «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» тақырыбы қамтылды. Оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, қауіп төнген жағдайда хабарласуға болатын 111, 150, 102, 112 нөмірлерінің маңызын білді.
Сабақ соңында оқушылар бір - біріне жылы сөз айтып, мейірімділік пен сыйластықтың адам өміріндегі орнын түсінді.
Апта дәйексөзі «Әділет - мемлекеттің негізгі күші» тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, әділдікке қосар жеке үлестері туралы пікірлерін ортаға салды.
 Буллингтің алдын алу - қауіпсіз мектеп пен жарқын болашақтың кепілі!

Арыс ЖББМ-де 2026 жылғы 21 қаңтарында 8 “Б”сынып жетекшісі Орынбасар Назерке Нұрланқызы «Буллингке жол берме» тақырыбында сынып сағаты өткізді.
Сынып сағатының мақсаты - оқушыларға буллинг ұғымын кеңінен түсіндіру, оның түрлерін ажырата білуге үйрету, өзара сыйластық пен достық қарым - қатынасты қалыптастыру, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында физикалық, вербалды, әлеуметтік және кибербуллинг туралы мағлұмат беріліп, әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Оқушылар ролик мазмұнын талдап, пікір алмасып, өмірде кездесетін жағдаяттар бойынша топтық жұмыстар орындады. Пікірталас кезінде оқушылар буллингке немқұрайлы қарамаудың маңызын түсініп, әр адамның өз әрекеті үшін жауапты екенін айтты.
Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы аясында «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» тақырыбы қамтылды. Оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, қауіп төнген жағдайда хабарласуға болатын 111, 150, 102, 112 нөмірлерінің маңызын білді.
Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жылы сөз айтып, мейірімділік пен сыйластықтың адам өміріндегі орнын түсінді.