Арыс ЖББМ-де 2026 жылғы 19 қаңтарында 10«Ә» сынып жетекшісі Қолдасова Айгүл «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын кеңінен түсіндіру, оның түрлерін ажырата білуге үйрету, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында физикалық, вербалды, әлеуметтік және кибербуллинг туралы мағлұмат беріліп, әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Оқушылар ролик мазмұнын талдап, пікір алмасты.
Пікірталас кезінде оқушылар буллингке немқұрайлы қарамаудың маңызын түсініп, әр адамның өз әрекеті үшін жауапты екенін айтты.
Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы аясында «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» тақырыбы қамтылды. Оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, қауіп төнген жағдайда хабарласуға болатын 111, 150, 102, 112 нөмірлерінің маңызын білді.
Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жылы сөз айтып, мейірімділік пен сыйластықтың адам өміріндегі орнын түсінді.
Апта дәйексөзі «Әділет – мемлекеттің негізгі күші» тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, әділдікке қосар жеке үлестері туралы пікірлерін ортаға салды.
Буллингтің алдын алу – қауіпсіз мектеп пен жарқын болашақтың кепілі!"
Арыс жалпы білім беретін мектеп"КММ.
Қаңтар айының 19 күні Кучкарбекова Жанар 9 "А" сыныбымен тәрбие сағатын өтті. Сабақтың тақырыбы:"Буллингтен қорған ".
Мақсаты:Оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарауға, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу
Мұғалім: Жеке адамның психологиялық және физикалық қауіпсіздігін сақтау,
Қорқыныш, қысым, кемсітуге жол бермеу,
өзін қорғай білу дағдысын қалыптастыру керектігін және
құрдастар арасында құрмет пен жауапкершілікті арттыру керектігін, сондаяқ
мектепте (немесе ортада) қауіпсіз, қолайлы ахуал орнату
Буллингтің алдын алу және оның салдарын азайту,
зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсету туралы құнды мәліметтер айтып өтеді.Оқушыларға түрлі жағдаяттарда өздерін қандай жол ұстану керектігі туралы тапсырмалар орындатып,пікірлерін ортаға салып талқылау жүргізеді. Сабақтың соңында мұғалім: Буллинг — адамға ауыр психологиялық және әлеуметтік зиян келтіретін мәселе. Одан қорғанудың ең тиімді жолы — үнсіз қалмау, көмек сұраудан қорықпау және бір-біріне қолдау көрсету. Әр оқушы өзін және өзгені қорғауға жауапты. Қауіпсіз әрі мейірімді орта тек бірлік пен түсіністік арқылы қалыптасады деп қорытындылайды.