"Арыс жалпы білім беретін мектеп"КММ.
Қаңтар айының 23 - күні Избасарова Динара 9 "Б" сыныбымен тәрбие сағатын өтті. Сабақтың тақырыбы: "Буллингтен қорған".
Мақсаты: Оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, бір - біріне құрметпен қарауға, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу
Мұғалім: Жеке адамның психологиялық және физикалық қауіпсіздігін сақтау,
Қорқыныш, қысым, кемсітуге жол бермеу,
өзін қорғай білу дағдысын қалыптастыру керектігін және
құрдастар арасында құрмет пен жауапкершілікті арттыру керектігін, сондаяқ
мектепте (немесе ортада) қауіпсіз, қолайлы ахуал орнату
Буллингтің алдын алу және оның салдарын азайту,
зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсету туралы құнды мәліметтер айтып өтеді. Оқушыларға түрлі жағдаяттарда өздерін қандай жол ұстану керектігі туралы тапсырмалар орындатып,пікірлерін ортаға салып талқылау жүргізеді. Сабақтың соңында мұғалім: Буллинг - адамға ауыр психологиялық және әлеуметтік зиян келтіретін мәселе. Одан қорғанудың ең тиімді жолы - үнсіз қалмау, көмек сұраудан қорықпау және бір - біріне қолдау көрсету. Әр оқушы өзін және өзгені қорғауға жауапты. Қауіпсіз әрі мейірімді орта тек бірлік пен түсіністік арқылы қалыптасады деп қорытындылайды.
