Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025-2026 оқу жылында 21 қараша күні 8 «Г» сынып жетекшісі Тогимбетова Асемнің ұйымдастыруымен «Буллингтен қорған!» /ДосболLIKE тақырыбында сынып сағатын өтті.
Мақсаты: • Оқушыларға буллингтің не екенін түсіндіру
* Буллингтің түрлері мен оның әсерлерін талқылау
* Буллингтен қорғану жолдарын үйрету
* Әр бала қауіпсіз, құрметке толы ортада өсуі тиіс.
* Мектебімізде достық пен сенім - басты құндылық.
* Кел, бірге буллингке «ЖОҚ!» деп айтайық!
* Буллинг – тек әзілі бар кішкентай жанжал емес, ол әр баланың жүрегіне жара салатын үлкен мәселе. Қорлау, мазақ ету, сыртқа шығарып тастау – бұның барлығы баланың өзіне деген сенімін әлсіретіп, оқуына, өмірге деген құлшынысына кедергі келтіреді.
* Біздің мектепте әр бала бағалы, әр дауыс маңызды, әр жүрек құрметке лайық.
Сондықтан біз буллингке қарсы бірлестік!
* Біз достықты қолдаймыз.
Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.
Біз қауіпсіз әрі жылы орта құрамыз.
Біз «Жоқ!» деп айтамыз қорлауға, мазаққа, қысым көрсетуге.