#педагогикалықшеберхана
Арыс қаласының Білім бөлімі ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың қаңтар айының 12-22 күндері аралығында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің "Орыс тілі мен ағылшын тілі - болашаққа жол "тақырыбындағы онкүндік барысында 20.01 ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрбанбаева Диана ашық сабақ өтті. Сабақ барысын мотивациялық сөздермен бастады. “Дүрбі” әдісімен үй жұмысын сұрады. Can you see? деп мұғалім сұрақ қойып, жаңа тақырыпты ашты. Мұғалім сыныпты 3 топқа біріктірді, оқушылар can туралы ақпаратты өздері іздеді. 1-топ жұмысын қорғап болған соң, educaplay платформасымен тапсырма орындады. 2-топ жұмысын қорғап болған соң, learning app платформасы және таұтағы сөйлемді жазу арқылы жұптық жұмыс орындады. 3-топ жұмысын қорғап болған соң, “Гексагон” әдісімен сұраққа жауап беріп, жеке жұмыс орындады. ЖИ-ді қолданып мұғалім “Заң және тәртіп”, “Ынтымақтастық және бірлік” туралы айтып өтті. Оқушыларды жұлдызша арқылы бағалап, “I can assess myself” әдісімен кері байланыс берді.