Арыс қаласының “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты, “Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-11 сынып қыздары арасында
"Әдемі қыз-көзіңе жақын,әдепті қыз-көңіліңе жақын" "Үлгілі үйдің қыздары" атты тақырыпта директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары У.Ахметова, педагог-психолог Г.Қонысбаева мен қыздар ұйымының жетекшісі Г.Мусаеваның жетекшілігімен қыздар жиналысы өтті.
Жиынның мақсаты – қыз баланың әдептілігі, тазалығы, өзін-өзі ұстауы, салауатты өмір салтын ұстану және қоғамдағы рөлі туралы түсінік беру.
Жиналыс барысында мектеп психологы Г.Қонысбаева жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жасады. Мектеп медбикесі “тәрбие, этика, денсаулық тақырыптарында кеңестер айтып, ашық пікір алмасу өтті.
Қыздар өз ойларын еркін жеткізіп, маңызды сұрақтарға жауап алды.
Ерте жүктіліктің алдын алу
Әдемі жүріс-тұрыс
Мәдениетті сөйлеу
Дене және жан сұлулығы — басты тақырыптар болды.
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Бойжеткендеріміз көркем мінезді, ар-ұятты жоғары қойған арулар болып өссін! #ҚызТәрбиесі
#ҚыздарЖиналысы
#МектепТәрбиесі