Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетінен сақтандыру" тақырыбында түсіндірме іс-шарасы өтті.
Арыс қаласының " Білім бөлімі"мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14.11.2025 ж. күні 8-11 сынып оқушыларына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында , Түркістан облысы Дін істер басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Б. Абдрахман, Арыс қаласының " Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуов, "Руханият орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Н.Рыстай түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі кездегі, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе - діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру - басты міндеттердің бірі саналады. Қазіргі таңда елімізде дін атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекеті салдарынан қоғамдағы ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде. Үздіксіз және астыртын, ең бастысы ел санасын оңай жаулайтын әдіспен - дін атын жамылып жүргізілген мұндай әрекеттер халықты иманынан жаңылдыратын аса қауіпті әрекеттер болып саналады. Осы тұрғыда елімізге және азаматтарға қарсы бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасауға қабілетті адамдарды білу, дәстүрлі дінді , еліміздің тыныштығына іріткі салатын теріс ағымдардан ажырата білу қажеттілігі түсіндірілді.
#АдалазаматБТБ
#Діниэкстремизмніңалдыналу