«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - де 2026 жылы 31 қаңтар күні 9 - 11 сыныптар арасында «Әділ сайлау - әділетті қоғам» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті.
Мақсаты - оқушылардың азаматтық сана - сезімін қалыптастыру, демократиялық құндылықтардың маңызын түсіндіру және сайлау үдерісінің қоғам өміріндегі рөлін ұғындыру. Оқушыларға әділ сайлаудың әділетті, тұрақты қоғам құрудағы маңызын жеткізу арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыру көзделеді. Сонымен қатар жастарды белсенді азамат болуға, өз пікірін еркін білдіруге және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсат етіледі.