«Арыс қалалық «Білім бөлімі» 17.03.2026 жылғы № 724 хатына сәйкес. Арыс ауданы прокуратурасының 12.03.2026 жылғы № 2-12-26-00341 хатына негізінде «Арыс жалып білім беретін мектебі» КММ-сі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап
1-4 сынып және 5-11 сынып аралығында энергетикалық сусындарды тұтыну мен сатуға қатысты енгізілген шектеулерді түсіндіру мақсатында мектепте бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, білім алушылар арасында энергетикалық сусындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді. Сынып сағаттары ұйымдастырылып, оқушыларға денсаулыққа тигізетін кері әсері туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында «Энергетикалық сусындардың зияны» тақырыбында бұрыштар мен ақпараттық материалдар орналастырылды.
Мектеп маңындағы сауда орындарында энергетикалық сусындардың сатылуына мониторинг жүргізілді. Кәсіпкерлерге 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынатыны туралы ескертілді.
Ата-аналар арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалардың денсаулығын сақтау мақсатында энергетикалық сусындарды пайдаланбау туралы ұсыныстар айтылды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың ақпараттану деңгейі артты.