Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

#педагогикалықшеберхана 
Арыс қаласының Білім бөлімі ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың қаңтар айының 12-22 күндері аралығында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің "Орыс тілі мен ағылшын тілі - болашаққа жол" тақырыбындағы онкүндік барысында 16.01 ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбдіраш Алмагүл ашық сабақ өтті. Сабақ барысын мотивациялық сөздермен бастады. “Think, find and seek” әдісімен үй жұмысын сұрады. Мұғалім миға шабуыл арқылы сұрақ қойып, жаңа тақырыпты ашты. Мұғалім сыныпты 2 топқа біріктірді, оқушыларға А/Аn, the and some/ any туралы ақпарат берілді. 1-саналатын зат есім тобы a/an, the жұмысын қорғап болған соң, educaplay платформасымен тапсырма орындады. 2-саналмайтын тобы some/any жұмысын қорғады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. "Break and brain" әдісімен топтық жұмыс орындалды. ЖИ-ді қолданып мұғалім “Заң және тәртіп”, “Ынтымақтастық және бірлік” туралы айтып өтті. Сабақ learning app платформасымен қорытындыланды. Оқушылар ЖИ платформамен кері байланыс берді.