Арыс қалалық білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылы 19 қаңтар күні педагог - психолог А. Мақажанова 5 «А» сынып оқушыларына арналған «Финишта арт - терапиясы» сабағын өткізді.
Іс - шараның мақсаты: Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын және ойлау икемділігін арттыру, әр оқушының өзіндік ерекшелігін көрсетуге жағдай жасау, сондай - ақ олардың өзін еркін сезінуіне және ішкі ресурстарын ашуға көмектесу.