Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нде «Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» республикалық акциясы аясында, 2025 жылдың 08 желтоқсан күні қыздарға арналған ақпараттық - түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты: ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдер арасында зорлық - зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру.
Кездесуге сала мамандары:
- Арыс аудандық орталық емханасының Денсаулықты нығайту дәрігері - А.Оразбаева;
- Арыс қаласы "Отбасын қолдау орталығы» КММ консультация және сүйемелдеу бөлімінің психологы - А.Сманова;
- Арыс аудандық орталық емхананың психологтары - Ы С.Кулбекова, П.Имашова;
- Арыс АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚК тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты – М. Уразбаева
Кездесуде төмендегі маңызды мәселелер кеңінен түсіндірілді:
Тазалық және жеке гигиена мәдениеті
Мектеп формасын талапқа сай кию
Вандализмнің зияны және құқықтық жауапкершілік
Боқ ауыз сөз қолданудың зияны, әдеп нормалары
Буллингтің алдын алу, өзара сыйластық қарым - қатынас орнату
Зорлық - зомбылықтың кез келген түріне «жоқ» деу, өз қауіпсіздігін қорғау, күмәнді жағдайларда ересекке жүгіну
Түнгі уақытта рұқсатсыз жүрудің қауіптілігі
Тойханалар мен көпшілік орындардағы тәртіп ережелері
Оқушының мектептегі және қоғамдағы міндеттері - өмірмен байланыстыра отырып түсіндірілді
Кездесу барысында мамандар қыз балаларға қауіпсіздік дағдыларын меңгеру, зорлық - зомбылық белгілерін тану, қажет жағдайда қайда және кімге жүгіну керектігі жөнінде түсінік берді. Оқушылар өздерін ашық түрде қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.
Осындай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің бойында жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін нығайтып қана қоймай, олардың қауіпсіз өмір сүру дағдыларын дамытуға зор үлес қосады.
#Заңжәнетәртіп
#Oqu_agartu_ministrligi
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күнбелсендіәрекет
#Қауіпсізбалалықшақ