"Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет" акциясы.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нде «Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» республикалық акциясы аясында, 2025 жылдың 08 желтоқсан күні оқушыларға арналған ақпараттық - түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты: жасөспірімдер арасында зорлық - зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру.
Кездесуге сала мамандары:
- Арыс аудандық орталық емханасының Денсаулықты нығайту дәрігері - А.Оразбаева;
- Арыс қаласы "Отбасын қолдау орталығы» КММ консультация және сүйемелдеу бөлімінің психологы - А.Сманова;
- Арыс аудандық орталық емхананың психологтары - Ы С.Кулбекова, П.Имашова;
- Арыс АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚК тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты - М. Уразбаева.
Мамандар, оқушыларға гендерлік зорлық - зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары, қиын жағдайға тап болғанда қайда жүгіну керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Психолог: отбасындағы қарым - қатынас, эмоционалды зорлық белгілері және көмек сұраудың маңыздылығы туралы айтты. Ал, тәртіп сақшылары, жасөспірімдерге қатысты заң нормаларын түсіндіріп, құқықтық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Гинеколог маман: жасөспірімдер денсаулығы, қауіпсіздік, сенім қызметтері және медициналық көмеке жүгіну тәртібі туралы маңызды ақпараттар берді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі түсінікті жауап алды.
#Заңжәнетәртіп
#Oqu_agartu_ministrligi
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күнбелсендіәрекет
#Қауіпсізбалалықшақ