Қауіпсіз балалық шақ – жарқын болашақ кепілі!
Бүгін Түркістан облысы, Арыс қаласы, "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 12.11.2025 ж күні. 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесуге Арыс АПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Ж.Таттыбеков, Арыс АПБ ЖПҚ бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Мақұлбекова Айдана Абайқызы келіп, оқушылармен қауіпсіз балалық шақ акциясы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, буллинг, зорлық -зомбылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты– жасөспірім оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз қауіпсіздігі мен болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Осындай кездесулер оқушылардың өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін дамытуға зор ықпал етеді.
#АрысҚаласы
#ҚауіпсізБалалықШақ
#ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу
#БуллингкеЖолЖоқ
#НашақорлыққаҚарсымыз
#ЕртеЖүктілікАлдынАлу
#ЖастарБолашағымыз
#АрысАПБ
#АйданаМақұлбекова
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы