Түркістан облысы Арыс қаласы "Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 28 қаңтар күні «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында "Әлеуметтік желідегі қауіптер және қорғану жолдары" тақырыбында түсіндірме жиналыс өтілді.
Жиналысқа қатысқандар:
-"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің директоры Кушкарбеков Ералы Рахматуллаевич.
-Арыс ауданы прокуратурасының прокуроры Анарбай Қуаныш Ғанимұратұлы, - Арыс аудандық Білім бөлімі тәрбие жөніндегі әдіскері Исабеков Рауан Набиалович,
-Арыс АПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция капитаны - Жәнібек Азамат Асқарбекұлы ,
-Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Исаев және 8-11 сынып оқушылары. Іс-шара барысындағы қаралған мәселелер:
1. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг және зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу».
2. Ұқыптылық, тазалық, сырт келбет мәдениеті және ұлттық тәрбиедегі қыз баланың рөлі
3. Қыздардың интернеттегі мінез - құлық этикасы, кибербуллингтің алдын алу.