Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Арыс қаласы, " Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ -де 2025 жылдың 5 қарашасында 6-7 сынып оқушыларымен маңызды жиналыс өтті. Бұл шара "Қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жиналысты ұйымдастырушылар:
Мектеп инспекторы: Ж.Таттыбеков
Мектептің педогог-психологи Махажанова А
Талқыланған тақырыптар:
Зорлық-зомбылық және күш көрсетудің алдын алу
Ақша талап етудің алдын алу және оған қарсы күрес
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Көшеде түнде сағат 22:00-ден кейін жүрудің қауіптілігі
Ата-ананы сыйлаудың маңыздылығы
Жиналыстың мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтан қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Жиналыстың міндеттері:
Оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдарын түсіндіру.
Ақша талап етудің заңсыз екенін және оның құқықтық жауапкершілігін хабарлау.
Құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен таныстыру.
Түнгі уақытта көшеде жүрудің қауіптілігін ескерту.
Ата-ананы сыйлаудың адамгершілік және әлеуметтік маңызын түсіндіру.
Оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін білуге ынталандыру.
Құқық қорғау органдарымен байланыс орнатуға көмектесу.
Қорытынды:
Жиналыс өте пайдалы әрі маңызды болды. Оқушылар өздері үшін көптеген жаңа мәліметтер алды және өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы тереңірек түсінікке ие болды. Мектеп ұжымы мен құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігері арқасында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға болады. 
ҚауіпсізБалалықШақ 
 #БалаҚұқығы 
 #ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ 
 #АтаАнаныСыйлайық 
 #ТүнгіҚауіпсіздік 
#ҚұқықтықСауаттылық 
 #АрысЖастары 
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы

Қауіпсіз балалық шақ жарқын болашақ кепілі !
Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жыл 5 қараша күні 8-11 сыныптардың қыздары арасында "Ерте жүктіліктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу, қыздар арасындағы әлімжеттікті болдырмау, жеке бас гигиенасын сақтау" мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг,кибербуллинг,нашарқорлық,лудомания" туралы да түсіндірілді.
Жиналысқа Арыс АПБ ЖПҚ Отбасы -тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Айдана Мақұлбекова Абайқызы, "Отбасын қолдау орталығы"КММ -нің психологы Сманова Айнұр, ДТЖЖО Қ.Исаев,У.Ахметова, мектеп психологы Г.Қонысбаева қатысты.