Арыс қалалық білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Кәмелетке толмағандар арасындағы өз - өзіне қол жұмсау" жағдайының алдын алу іс - шара жоспарына сәйкес мектеп педагог - психологтары Г. Конусбаева мен А.Мақажанова "Өз құндылығыңды таны" тақырыбында 8 “В” сыныбына тренинг өтті.
Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі бағалауын дамыту; Жеке тұлғалық қасиеттерін тануға көмектесу; Өз құндылығын сезінуге және қабылдауға бағыттау.