Түркістан облысы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстазы Талдыбекова Жазира мектеп оқушыларына 26 қыркүйек ,кәмелет жасқа толмағандар арасындағы өз- өзіне қол жұмсау жағдайының алдын алу мақсатындағы апталықтың "Қорытынды және арт-терапия " күні «Менің болашақтағы өмірім» тақырыбында сурет көрмесін өткізді.
Мақсаты:
1. Ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін ,өнерін көрсете білуге үйрету.
2. Шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Оқушылардың болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп, елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие