Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының Білім бөлімі ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДОЖЖО: К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 2025 жылдың қараша айының 10-20 күндері аралығында математика, информатика, физика пәндер  бірлестігінің  "Математика, информатика және физика: өзара байланыс, жаңа білім және шығармашылық" тақырыбы  онкүндігі барысында 18 қараша күні Олжатаева Айнұр 2"Ә"сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: "Құрама есеп"
Сабақ мақсаты:2.5.1.1 Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
2.5.1.7 Екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу және шығару.
"Пазл"әдісі арқылы өткен сабақты пысықтай отырып,жаңа сабақтың тақырыбын ашып алды. Оқушыларға есептерді орындату барысында жай есеп пен құрама есептің айырмашылығын түсіндіре білді. Сабақ барысында жұптық, топтық тапсырмалар орындатылды.
"Гегсагон" әдісі арқылы оқушылар тапсырманы белсене орындады.
Сабақты қорыту барысында "Word woll" әдісін қолданды. Кері байланыс алынып,үй тапсырмасы берілді. Оқушылар белсене қатыса отырып,сабақ мақсатына жетті.