Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"Арыс жалпы білім беретін мектеп"КММ-де кәсіби бағдар беру кездесуі өтті
20 қазан 2025 жылы "Арыс жалпы білім беретін мектеп"КММ-де кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы ALT университетінің және М.Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің студенттері және кәсіби бағдар беруші Ж.Спакешова 9,11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бітіруші түлектердің кәсіби бағытын анықтау, өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдау бағытында кеңес берілді. Сондай-ақ университет,колледж туралы толық ақпарат ұсынылып, мемлекеттік және демеушілік гранттарға түсу жолдары, олардың талаптары мен өткізу уақыты туралы түсіндірілді.
Егер ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз болған жағдайда, қосымша гранттар ойнатылатыны туралы да ақпарат берілді. 
Кездесу соңында оқушылармен кері байланыс орнатылып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу өтті.