Арыс қалалық білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 12–15 қаңтар күндері аралығында мектептің педагог-психологтары А. Мақажанова мен Ұ. Ахметова 5–11 сынып оқушылары арасында «К. Янгтің интернетке тәуелділік шкаласы» сауалнамасын жүргізді.
Сауалнаманың мақсаты:
– интернетті шамадан тыс қолдануды анықтау;
– интернетке тәуелділік белгілерін (психологиялық, мінез-құлықтық, әлеуметтік) бағалау;
– интернет қолданудың оқуға, жұмысқа және қарым-қатынасқа әсерін анықтау.