"Менің виртуалды әлемім!"
Түркістан облысы Арыс қаласының “Білім бөлімі” ММ-нің 05.02.2026 ж 270 хатына сәйкес, “Арыс жалпы білім беретін мектеп” КММ - де “К.Янгтың интернетке тәуелділік шкаласы” бойынша жоспарды негізге алып, мектеп психологтары А. Мақажанова мен У. Ахметова 1-4 сынып оқушылары арасында оқушылардың бос уақытын талдау “Менің виртуалды әлемім” тақырыбында сурет салдырды.
Мақсаты: балалардың қауіпсіз интернетті пайдалану мәдениетін қалыптастыру, киберқауіптерден сақтану туралы түсініктерін арттыру.
"қауіпсіз интернет"
Түркістан облысы Арыс қаласының “Білім бөлімі” ММ-нің 05.02.2026 ж 270 хатына сәйкес, “Арыс жалпы білім беретін мектеп” КММ - де “К.Янгтың интернетке тәуелділік шкаласы” бойынша жоспарды негізге алып, мектеп психологтары А. Мақажанова мен У. Ахметова 1-7 сынып оқушылары мен ата - аналарын "Интернеттің зияны мен қауіпсіздік ережелері" туралы жадынамамен таныстырды.
«Интернеттің зияны және қауіпсіздік ережелері»
Интернетке шамадан тыс тәуелділік
– Ұйқының бұзылуына әкеледі
– Сабаққа қызығушылық төмендейді
– Уақытты босқа өткізу көбейеді
Денсаулыққа зияны
– Көздің шаршауы, көрудің нашарлауы
– Бас ауруы
– Омыртқа мен дұрыс отырмау мәселелері
Психологиялық қауіптер
– Агрессия мен мазасыздық
– Өзіне сенімсіздік
– Шынайы қарым - қатынастың азаюы
Қауіпті контент
– Жас ерекшелігіне сай емес ақпарат
– Зорлық - зомбылықты, жалған құндылықтарды насихаттау
Интернеттегі алаяқтық
– Бейтаныс адамдармен сөйлесу қауіпті
– Жеке деректерді (мекенжай, пароль, телефон) таратуға болмайды.
