Арыс қаласының" Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты " Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 05.01 2026 ж.күні "Қысқы ертегі» сурет байқауы .
Оқушыларымыз қысқы демалыс кезінде сурет салып, өз шығармашылық жұмыстарымен бөлісті.
Қыс мезгілінің сиқырлы әлемін балалар өз қиялы арқылы қағаз бетіне түсіріп, ертегідей көріністерді бейнеледі.
Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысып, ертегі кейіпкерлерін түрлі бояулармен жандандырып, ерекше әрі мазмұнды туындылар ұсынды.
Әрбір суреттен баланың ішкі дүниесі, шығармашылық ойы мен тынымсыз еңбегі айқын байқалады.Жас өнерпаздардың талпынысы мен белсенділігі жоғары деңгейде болды.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Шығармашылық шабыт, жаңа идеялар мен үлкен жетістіктер тілейміз.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#қысқыканикул