«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ желтоқсан айының 10 жұлдызында «Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында 8«А» сынып жетекшісі Рахматла Назерке тәрбие сағатын өткізілді. Оқушылар батырдың өмір жолы, ерлігі, шығармашылығы туралы мәліметтер алып, тапсырма барысында оның есімімен байланысты тарихи деректерді талдап, тұлғалық қасиеттерін үлгі етті.
Бауыржан Момышұлы – қайсарлықтың, намыс пен отансүйгіштіктің символы. Сабақта оқушылар батырдың еліне деген сүйіспеншілігін, ерлік өнегесін бүгінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасын терең түсінді.
Сонымен қатар сабақ барысында «Менің қандай құқығым бар?» атты қаіпсіздік сабағын өткізілді. Оқушылармен маңызды тақырыптардың бірі - балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі туралы ақпараттық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар өз құқықтарын білу - өз қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғашқы қадамы екенін түсінді.
Сабақта қозғалған негізгі мәселелер:
* Әрбір баланың өмір сүру, білім алу, қорғана білу, өз ойын еркін айту құқығы бар екені;
* Интернет пен өмірде қауіп төндіретін жағдайларды анықтай білу;
* Құқық бұзылғанда кімге хабарласу керектігі;
* Өзінің және өзгенің жеке кеңістігі мен құпиялылығын қорғау жолдары.
Сабақ соңында оқушылар:
* Өз құқықтарын қорғаудың 5 ережесін жасады;
* Тәжірибелік мысалдар арқылы құқықтық мәдениетін арттырды.
Бұл сабақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, кез келген жағдайда өз қауіпсіздігі мен құқығын қорғай білуге бағытталды.