2025 - 2026 оқу жылының 18 наурыз күні "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ - нің 7 "Ә" сынып жетекшісі Сыранова Г «18 наурыз – ұлттық киім күніне» орай "Ұлттық киім кию" челленджін жасады. Мақсаты: Ұлттық киімді насихаттау, халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеу және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, күнделікті өмірде ұлттық киім элементтерін қолдануды кеңейтіп, дәстүр мен заманауилықты ұштастыруға үндеу.