"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің
9"Ә"
Сынып жетекшісі : Суппаева Нағима
Тақырыбы: "Лудомания – қауіпті әдет"
Мақсаты:
Оқушыларға лудомания ұғымы туралы түсінік беру, құмар ойындардың адам өміріне тигізетін зиянын ұғындыру, тәуелділіктің алдын алу жолдарын көрсету және оқушыларды саналы, жауапты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Сынып сағаты ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару мақсатында құмар ойындар туралы қысқаша сұрақ-жауап жүргізілді.
Негізгі бөлімде оқушыларға лудоманияның не екені, оның пайда болу себептері және адам өміріне тигізетін кері әсері туралы мәлімет берілді. Құмар ойындарға тәуелділіктің белгілері (уақытты ойынға көп жұмсау, ақшадан айырылу, сабаққа қызығушылықтың төмендеуі, күйзеліс, т.б.) түсіндірілді.
Сонымен қатар, лудоманияның оқу үлгеріміне, психологиялық жағдайға, отбасы мен достар арасындағы қарым-қатынасқа тигізетін зияны талқыланды. Оқушылар өз ойларын айтып, «Егер досың ойынға тәуелді болса, не істер едің?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасты.
Талқылау барысында оқушылардың көпшілігі құмар ойындардың болашаққа кері әсер ететінін, уақыт пен ақшаны босқа кетіретінін түсінетіндерін айтты. Алдын алу жолдары ретінде уақытты пайдалы істерге жұмсау, спортпен айналысу, кітап оқу, үйірмелерге қатысу және қиын жағдайда үлкендерден көмек сұрау қажеттігі айтылды.
Қорытынды:
Сынып сағаты соңында лудоманияның қауіпті тәуелділік екені және одан сақтанудың маңыздылығы қорытындыланды. Оқушылар өз болашағына жауапкершілікпен қарау, уақытты тиімді пайдалану керектігін түсінді. Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, оқушылар үшін пайдалы өтті