«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2025-2026 оқу жылының 9-ақпан күні 8 «В» сынып жетекшісі Сатымбекова Гулдариға оқушылармен «Лудомания – ойынқұмарлық тәуелділік» тақырыбында сынып сағаты өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ойынқұмарлықтың зиянын түсіндіру, тәуелділіктің алдын алу және саналы өмір салтын қалыптастыру.
Сынып сағатында:
тәуелділіктің пайда болу себептері талданды
оның психологиялық және әлеуметтік салдары айтылды
бейнероликтер мен мысалдар қарастырылды
оқушылар пікір алмасып, өз көзқарастарын білдірді
Оқушылар ойынның уақытша қызығушылық екенін, ал шынайы жетістік тек білім мен еңбектен келетінін түсінді.
Болашақ – дұрыс таңдаудан басталады!