16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
Түркістан облысының білім басқармасының "Арыс қаласы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 16 наурыз күні Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және ұлттық мәдени мұраны кеңінен насихаттау мақсатында 5 “А,Ә,Б” сынып жетекшілері тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар қазақ халқының бай мұрасы, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат алды. Ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мәні түсіндіріліп, олардың жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы маңызы айтылды.
Оқушылар салт-дәстүрлерге байланысты мақал-мәтелдер айтып, ұлттық ойындар ойнады. Шара барысында ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, дәстүрге қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Мақсаты – өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру, ата-баба мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.