Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Мұғалім болу - мәртебе» атты тақырыпта кездесу өтті"
Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп"  мемлекеттік мекесінде Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің Мұғалімдер күнін мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес мұғалімдердің  қоғамдағы беделін арттыру, ұстаз мамандығының мәртебесін көтеру және ұстаздарға алғыс білдіру мақсатында директордың бейін жұмысы жөніндегі орынбасары Ильясова Шарапат  «Мұғалім болу - мәртебе» атты 
оқушыларды жоғары нәтижеге жеткізген, олимпиада жеңімпаздарын дайындаған,  табысты түлектері бар педагогтердің жас мамандармен тәжірибе алмасу кешін өткізді.
Мақсаты:
• Ұстаздың қоғамдағы орнын, мәртебесін дәріптеу;
• Олимпиада жеңімпазын дайындаған мұғалімнің еңбегін үлгі ету;
• Жас мамандарға еңбекқорлық, ізденіс және ұстаз еңбегіне құрмет сезімін қалыптастыру.
 «Мұғалім болу - мәртебе» деген сөз тегін айтылмаған. Өйткені мұғалім - болашаққа жол сілтеп, шәкіртін биікке жетелейтін тұлға. Осындай биік мақсат пен табанды еңбектің нәтижесінде талай шәкірт биік белестерді бағындырады. Облыстық олимпиада жеңімпазын дайындап, мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген  ұстаздар, педагог-сарапшы, география пәнінің мұғалімі Курманалиева Күнсұлу мен педагог - сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі Құдиярова Базаркүл жас мамандардың сұрақтарына жауап берді. 
 • Шәкірттеріңізді олимпиадаға дайындауда қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?
• Жас ұстаздарға қандай кеңес берер едіңіз?
• Сіздің ойыңызша, мұғалім мәртебесі неде?
• Оқушыға сенім артудың маңызы қаншалықты?
Мұғалім – ұлт болашағын тәрбиелейтін тұлға. Әрбір жетістік артында ұстаздың маңдай тері, шыдамдылығы, жанқияр еңбегі тұрады. Ұтаз еңбегін қадірлеп, мәртебесін биік ұстайық!