Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

#жетістіктер
Мәртебелі марапат – ұжым мақтанышы! 
Арыс жалпы білім беретін мектебінің директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Шарапат білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі жоғары жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл – ұстаздық жолдағы табандылық пен адал еңбектің, білім мен біліктіліктің, жас ұрпаққа деген шексіз қамқорлықтың айқын нәтижесі.
Осындай абыройлы марапат – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар бүкіл мектеп ұжымының мақтанышы мен мерейі. 
Құрметті Шарапат, Сізді жоғары марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 
Еңбегіңіздің жемісі еселене берсін, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындырып, білім мен тәрбиенің шамшырағы болып жүре беріңіз!
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек!