Арыс қаласының Білім бөлімі ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың қараша айының 10-20 күндері аралығында математика, информатика, физика пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Математика, информатика және физика: өзара байланыс, жаңа білім және шығармашылық" тақырыбы онкүндігі барысында 19.11.2025 ж күні Нурсеит Лаура 2"А" сыныбында информатика пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: "Мәтін теруде пернетақтаны басқару"
Сабақтың мақсаты: 2.2.1.1**мәтін енгізу құрылғыларын қолдану ( пернетақта, тышқан) Қарапайым мәтінді теру және өңдеу
Үй тапсырмасын "Word woll" әдісі арқылы пысықтады. Пернетақтаның пернелерін жасыра отырып жаңа сабақты ашты. Жасанды интеллект арқылы видеолар көрсетілді. Топтық тапсырма 2 топқа берілді.
Жұптық жұмыс орындады.
Сергіту сәтін оқушылар қара жорға биін биледі.
Топтық тапсырма:
Сабақты қорытуға "Word woll" Word Pad мәтіндік редакторы туралы тапсырмалпр орындатты. Кері байланыс алынып, оқушылар жауап берді. Оқушылар белсене қатыса отырып, сабақ мақсатына жетті.