Мектеп ауласын таза ұстаймыз!
Түркістан облысы, Арыс қаласы Арыс жалпы білім беретін мектеп мекемесінде әр сенбі сайын ұйымдастырылатын сенбіліктің негізгі мақсаты - мектеп аумағында таза, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыру, оқушылар мен қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті дамыту, сондай - ақ ұжымдық жауапкершілік пен бірлікті нығайту.
Міндеттері:
Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Айтбаев Жумабек ағайдың басшылығымен мектептің сыртқы ауласын және ішкі аймақтарын жүйелі түрде тазалау, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
Қоқыстарды жинау, жасыл аймақтарды күтіп - баптау арқылы мектеп аумағының санитарлық жағдайын жақсарту;
Мектеп қызметкерлері мен шаруашылық секторының бірлескен еңбегі арқылы тиімді ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
Оқушыларға үлгі болу арқылы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты қалыптастыру;
Таза, әдемі және қауіпсіз мектеп ортасын қамтамасыз ету арқылы оқу - тәрбие процесіне қолайлы жағдай жасау.
#Сенбілік
#ТазаМектеп
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы