Мектеп ауласын тазалау бойынша сенбілік өткізу
Түркістан облысы, Арыс қаласы "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де мектеп ауласының санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны таза ұстау, еңбек мәдениетін қалыптастыру, ұжым мүшелерінің бірлігін нығайту және экологиялық тәрбие беру мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – мектеп ауласын тұрмыстық қалдықтардан, қураған жапырақтар мен бұтақтардан тазалау, ретке келтіру және мектеп аумағында таза, қауіпсіз орта қалыптастыру.
Өткізілу барысы:
2026 жылдың 10 қаңтар күні өткізілген сенбілікке директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Айтбаев Жұмабек басшылық жасап, мектептің техникалық қызметкерлерімен бірлесіп мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында аула тазаланып, қоқыстар жиналып, айнала ретке келтірілді.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы