Арыс жалпы білім беретін мектебінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Асированың ұйымдастыруымен 2025- 2026 оқу жылында сабақты зерттеу жұмыстары басталды.
2025 жылдың қараша айының 10 күнінен бастап 6” А” сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен сабақты зерттеу басталды. Алғашқы сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақын Айгүл “ А. Құнанбайұлының “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”өлеңіндегі көркемдік образ “ тақырыбында өтті.
Мұғалім сабақта “ Көңілден шыққан көрікті ой” айдары бойынша өлең шумақтарымен толықтырып отырды. Сонымен бірге “ Көршіңмен бөліс, 5 минуттық эссе, топтық бақылау” әдістері тиімді жүзеге асты.
Мұғалім оқушыларды ойларын еркін айтуға, сөйлеуге баули білді. Сабақтың өн бойында ұлттық құндылықтармен байланыстырып отырды.