Арыс жалпы білім беретін мектеп КММнің 3-4 сыныптары арасында 25 қазан Республика күніне орай "Менің Қазақстаным" атты сурет байқауын ұйымдастырып өтті.
Балалар өз қиялдарымен туған елін, әсем табиғатын және тәуелсіз Қазақстанды түрлі бояулармен бейнелеп көрсетті. Әр сурет — балғын жүректің Отанға деген сүйіспеншілігі!
Мақсаты: оқушылар мен жастардың отансүйгіштік сезімін арттыру, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін шығармашылық арқылы көрсетуге мүмкіндік беру. Байқау қатысушылардың ел тарихы, мәдениеті, табиғаты мен болашағы туралы көзқарасын сурет және шығармашылық жұмыс арқылы бейнелеуге бағытталады.
#Адалазамат
#Біртұтастәрбие