Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-сінде 18.03.2026 ж. 4"Ә" - сынып жетекшісі Агадилова Маржан оқушыларымен Наурыз мерекесіне орай сынып сағатын өтті.Тақырыбы: "Наурыз - құт береке бастауы"
 Мақсаты:Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы мағлұмат беру.
Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Бірлікке, татулыққа, достыққа баулу.
Сабақ барысында мұғалім:
Наурыз туралы қысқаша мағлумат беріп өтеді.Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіретін ұлы мереке.Бұл күні адамдар бір-біріне жақсы тілек айтып, реніштерін ұмытып, жаңа жылды қарсы алады.Наурыз – жыл басы болып саналады.
Бұл мереке 22 наурыз күні тойланады.
Халық бір-біріне «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп тілек айтады.Мұғалім оқушыларға ұлттық дәстүрлер туралы сұрақтар қойып жауап алады.Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып ,өлең шумақтарын оқиды.
Сабак соңында : Наурыз – татулықтың, бірліктің, жақсылықтың мерекесі. Біз ата-дәстүрімізді құрметтеп, ұлттық құндылықтарды сақтай білуіміз керек деп қорытындылайды.