"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 2025-2026 оқу жылының 16-наурыз күні
10 "Ә" сыныбында сынып жетекшісі Қолдасова Айгүл «Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және жас ұрпақты халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Наурыз мерекесінің тарихы мен ерекшеліктері туралы мәлімет алып, ұлттық дәстүрлер жөнінде өз ойларымен бөлісті. Тәрбие сағаты арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметі артып, бірлік пен татулықтың маңызы насихатталды.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен берекенің бастауы!
#Біртұтас_тәрбие
#Адал_азамат
#Әз_Наурыз.
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-сінде 18.03.2026 ж. 8 "А" - сынып жетекшісі Рахматла Назерке оқушыларымен Наурыз мерекесіне орай сынып сағатын өтті.Тақырыбы: "Наурыз - жыл басы"
Мақсаты:Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы мағлұмат беру.
Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Бірлікке, татулыққа, достыққа баулу.
Сабақ барысында мұғалім:
Наурыз туралы қысқаша мағлумат беріп өтеді.Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіретін ұлы мереке.Бұл күні адамдар бір-біріне жақсы тілек айтып, реніштерін ұмытып, жаңа жылды қарсы алады.Наурыз – жыл басы болып саналады.
Бұл мереке 22 наурыз күні тойланады.
Халық бір-біріне «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп тілек айтады.Мұғалім оқушыларға ұлттық дәстүрлер туралы сұрақтар қойып жауап алады.Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып ,өлең шумақтарын оқиды.
Сабак соңында : Наурыз – татулықтың, бірліктің, жақсылықтың мерекесі. Біз ата-дәстүрімізді құрметтеп, ұлттық құндылықтарды сақтай білуіміз керек деп қорытындылайды.