“Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-11 сынып оқушыларына Нипах вирусы: Сақтықта қорлық жоқ! тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Үндістандағы Нипах вирусына байланысты эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Арыс жалпы білім беретін мектебінде бұл инфекцияның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Нипах вирусы дегеніміз не?
Бұл - жануарлардан (әсіресе жеміс жарқанаттары мен шошқалардан) адамға жұғатын, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін қауіпті инфекция.
Сақтану шаралары:
Жеміс - жидектерді жемес бұрын мұқият жуыңыз;
Жарқанаттар немесе басқа да жабайы жануарлар тиген болуы мүмкін жемістерді қолданбаңыз;
Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтап, қолды жиі сабынмен жуыңыз;
Инфекция белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгініңіз.
Біздің мақсатымыз - инфекцияның ел аумағына әкелінуі мен таралуының алдын алу. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз
#АдалазаматБТБ
#Денсаулық #НипахВирусы #АлдынАлу #Сақтық