Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

#Оқуғақұштармектеп
Түркістан облысы, «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында республикалық «Ақылдым» журналының аудандық «Ақылдыммен Ақылдымын» байқауына 8 «А» сынып оқушысы Ибраш Арайлым қатысып,жүлделі ІІ орын Диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Байқау 4 кезеңнен тұрды.
І кезең барысында «Мен қандай адам боламын?» тақырыбында шығарма жазды.Онда «адал ұрпақ қандай болады» және «адалдық дегенді қалай түсінесің» деген тақырыптарға қалам тербеп,өз ойынан шығарма жазып,оны қорғады.
ІІ кезеңде қабырға газетін шығару кезеңінде «Кітапхана-күн шуағы білімнің» тақырыбында кітапханашы мамандығын құрметтеуге және оқушыларды кітап оқуға қызықтыру мақсатында жасалған құнды еңбегі болды.
ІІІ кезең бойынша «Ақылдым» журналына жарияланған тәрбиелік мәні зор «Байлық пен кедейлік» ертегісінің мазмұнына сай байлықты рухани адамгершілігі бар кейіпкер ретінде,ал кедейлікті кітап оқымайтын,көкірегі байлаулы,ой-өрісі төмен адам ретінде бейнелеп,алғыр,үздік,өнерлі оқырман екенін көрсетті.
ІҮ кезеңде «Сыйқырлы экран» тақырыбында өзі құрастырған ертегісін жазу арқылы замандастарына виртуальды өмірден бәр сәтке ажырап,жан-жағындағы қадірлі адамдардың бағасын біліп,дер кезінде құрмет көрсетуге шақырды.
Көрініс бойынша қолдау көрсетіп,кейіпкерлер бейнесін сомдауға көмектескен сыныптасы Сапарбай Інжу мен мектеп кітапханашысы Аякөз Пердебекова болды.
Дарынды оқушыларымызға және жетекшісі мектеп әкімшілігі атынан зор алғыс айтамыз.
 Шәкірттеріміздің алар асуы көп болсын!